30.09.2025 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі кітапханасы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап оқитын колледж» бағыты бойынша қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» колледжішілік байқауын өткізді.
Мақсаты – студенттерді Абайдың шығармашылығымен таныстыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1. Абай өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу.
2. Ақынның аударма өлеңдерін жатқа айту.
3. Қарасөздерін мәнерлеп оқу.
4. Абай әндерін орындау.
Байқауда әр бөлім студенттері белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Студенттер алғыс, сертификаттармен табысталды.
Жалпы 68 студент қатысқан бұл шара Абай мұрасын дәріптеп, жас ұрпақтың рухани дамуына зор үлес қосты.