09.10.2025 жылы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде участкелік инспектор Қанат Меербекұлы 1-4 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инспектор жастарға қауіпсіздік ережелері, құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сонымен қатар студенттерге түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдағы тәртіпті сақтау жөнінде маңызды кеңестер берілді.