13.10.2025 жылы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Ақпараттық сауаттылық апталығының ашылуы өтті. «Ақпараттық дауыл: студент пен педагогқа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты интерактивті панельдік пікірталас ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Бастауыш білім беру», «Көркем еңбек», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтарының 1–3 курс студенттері, оқытушылар мен колледж әкімшілігі қатысты.
Пікірталас барысында қатысушылар медиақауіпсіздік пен ақпаратпен саналы жұмыс істеудің маңызын талқылады.