14.10.2025 жылы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында «InfoHunt» квест-ойыны өтті. Ойын тақырыбы — «Фейк пе, факт пе?» және «Ақылды іздеу».
Шараны Амирова К.Б. Б-24 тобының студенттерімен бірге өткізді.
Қатысушылар жаңалықтардың шынайылығын анықтап, Google және Яндекс операторларын қолданып ақпарат іздеуді үйренді.
Квестке 1-курс студенттері мен колледж әкімшілігі қатысты.
Іс-шара қызықты форматта өтіп, студенттердің медиасауаттылығын дамытуға ықпал етті.