15.10.2025 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында «Fake news пен deepfake-ті тану жолдары» атты MediaLAB семинары өтті. Семинарды оқытушы Даян М. жүргізді.
Мақсаты – студенттердің медиасауаттылығын арттырып, жалған ақпаратты тану және оны тексеру дағдыларын дамыту.
Қатысушылар фото, бейне және дереккөздерді тексеру құралдарымен танысып, ақпараттың шынайылығын анықтаудың тиімді тәсілдерін үйренді.
Медиасауаттылық – ақпарат дәуіріндегі табыстың кілті!