16.10.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында «Next Level» шеберлік сабағы өтті. Сабақты оқытушы Джуманкулова С.Д. жүргізді.
Сабақтың мақсаты – жасанды интеллект құралдарын (ChatGPT, Canva, Quizizz, Kahoot) оқу процесінде тиімді қолдану арқылы студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру болды. Қатысушылар бұл платформалардың сабақ дайындаудағы, интерактивті тапсырмалар мен бағалаудағы мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде меңгерді.
Іс-шараға 30 студент қатысты. Шара студенттердің инновациялық ойлауын дамытып, білім беруде ЖИ технологияларын саналы пайдалануға ынталандырды.
Жасанды интеллект – білімнің жаңа деңгейі!