17.10.2025 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында «EduHack – 2025» шағын хакатоны өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – оқытушылар Амирова К.Б., Джуманкулова С.Д., Даян М., Валиева А.Г.
Хакатонға 2–3 курс студенттерінен құралған командалар қатысып, ақпараттық мәдениет тақырыбында цифрлық кеңес, гайд және инфографика түрінде мини-жобалар әзірледі.
Командалар медиасауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік және жауапты интернет-пайдалану бағытында шығармашылық идеяларын қорғады.
Іс-шараға барлығы 40 адам қатысты.
«EduHack – 2025» студенттердің цифрлық мәдениеті мен креативті ойлауын дамытуға бағытталған тиімді тәжірибелік алаң болды.
Ақпараттық мәдениет – саналы болашақтың негізі!