20 қазан 2025 жылы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «ҰПР персонификациясы және персонализациясы: болашақ мұғалімдерге арналған лайфхактар» тақырыбында Workshop-форум өтті.
Форумның мақсаты – болашақ педагогтардың кәсіби дамуына жол ашып, ғалымдар мен студенттер арасындағы ашық диалог орнату.
Спикерлер қатарында: педагогика ғылымдарының докторы Мирза Н.В., арнайы пән оқытушылары Веселкова М.В., Изотова Е.В., университет студенттері Фомина Дарья, Филатова Виктория, Д-22 тобының студенттері.