23.10.2025 жылы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы мен белгілі кәсіпкер Асхат Қажытайдың қатысуымен “Жас қаламгер” жобасы аясында студенттермін кездесу кеші өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүріп жатқан «Жас қаламгер» жобасы аясында келген ақындар алдымен “Кітап оқитын ұлт” жобасы талданып жатқан колледж кітапханасына келіп, пікір алмасты. Кездесу кеші әрі қарай жиын залында жалғасын тапты. Өз ойларымен бөлісіп, жастарды кітап оқуға шақырды. Студенттер де сұрақ қойып, өз пікірлерін білдірді. Әлеуметтік жоба оқу сауаттылығын арттыруда, жас дарындардың танымдық-шығармашылық белсенділігін дамытуда бұл кездесу студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды.