24.10.25 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде кітапханашылар мерекесіне орай жыл сайынғы «кітапхананың бір күні» атты өзін- өзі басқару іс-шарасы өтті. Өткен жылы кітапханашылардың қызметін «Дене тәрбиесі және спорт» тобының студенттері алған болатын, биылғы жылы” Каусар “ клубының мүшелерінен құрылған «Көркем еңбек» тобының студенттері кітапхана жұмысын қабылдап алды. Студенттердің айтуынша, кітапханашының жұмысы олар ойлағаннан әлдеқайда қиын болды. Кітапханада музыка ойнап, жақсы атмосфера орнады. Студенттер ұмытылмас тәжірибе жинады.