2025 жылдың қазан айында «Сарыарка дарыны» – балаларға арналған облыстық ғылыми-практикалық қосымша білім беру орталығында дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылар арасында мәдени және эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Сарыарқаның дарын жұлдызы – 2025» атты облыстық таланттар байқауы өтті.
Байқауға 7-17 жас аралығындағы балалардан 120 өтінімнің ішінен 71 қатысушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен облыстық байқаудың жеңімпаздары :
Колледж студенттері арасында «Вокалдық өнер» номинациясында:
1 орын – Қарағанды гуманитарлық колледжінің музыкалық бөлімінің II курс студенттері «Дарын» ансамблі.
Хормейстері: Мамбетназарова Айжан Махамбеталиевна.
Концертмейстері: Курманова Динара Абаевна.