24.10.2025 ж. күні Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Республика күніне арналған салтанатты кеш өтті.
Салтанатты кешке Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің "Музыкалық білім беру" бөлімінің "Арқа әуені" хоры қатысты. Хордың жетекшісі Мамбетназарова Айжан Махамбетәліқызы.
Сонымен қатар салтанатты кеште қазақ эстрада жұлдыздарыда өнер көрсетті.
Қазақ халқының жүрегіне мәңгілік ұя салған қастерлі күн -Республика күні құтты болсын!
Еліміздің еңсесі биік мерейі үстем болғай.