28.10.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қарағанды қаласы ОМПС «Орталық» бөлімінің полиция қызметкерлері — полиция капитаны Қалдыбек Қанат Меербекұлы, аға жедел уәкіл, аға лейтенант Сейдрахман Әлішер Қуатұлы, аға жедел уәкіл, капитан Ахметов Абылай Адильбаевич және аға жедел уәкіл, аға лейтенант Жамбай Бауыржан Жанатұлы студенттермен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңды сақтау жауапкершілігін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болды.