Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Қасым Аманжоловқа арналған облыстық дәстүрлі шығармашылық байқауы

29.10.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен қазақ әдебиетінің даму тарихына үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған XX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткері, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы Қасым Аманжоловқа арналған облыстық дәстүрлі шығармашылық байқауы өтті.

Байқау мақсаты:

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қасым Аманжоловтың өмір жолы, ақындық болмысы, поэтикасы, суреткерлік шеберлігі, рухани асыл мұралары арқылы білім алушылардың патриоттық рухта тәрбиеленген, отаншыл, білімді әрі жасампаз тұлға ретінде қалыптасуына, кітап оқуға құштарлығын арттыруға үлес қосу.

Байқау міндеттері:

- ақын өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мазмұнын түсініп, өзектілігін бағалау;

- көркем әдебиет арқылы ана тілі мәртебесін көтеру;

- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу;

- дарынды, ізденімпаз, оқуға құштар жастарды анықтап, қолдау көрсету;

- туған елді, туған жерді сүюдің, оған адал еңбек етудің мәнін түсіну.

Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен «Гуманитарлық» және «Техникалық» бағыттар бойынша 46 студент өтінім берді.

Байқау үш бағыт бойынша жүргізіледі.

1-бағыт: «Барым да, бақытым да – осы өлеңім». Бұл бағытта әр қатысушы ақынның кем дегенде 5 өлеңін жаттап, тізімін өтінішпен бірге ұсынуы керек. Байқау барысында қазылар алқасы тарапынан талап етілген 2-3 өлеңді қатысушы жатқа оқиды.

2-бағыт: «Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы...». Талапкер ақын өз шығармашылығынан 3 өлеңін ұсынады.

3-бағыт: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…». Ұсынылған тақырыпты бағалау өлшемдеріне (критерий) сай ашу, жазу барысында эссе талаптарын сақтау, берілген уақыт пен сөз санын ескеру (уақыт көлемі – 45 минут, сөз саны – 180-200 сөз).

Төрелік ететін қазылар алқасы:

Комиссия төрайымы: Баймаганбетова Тұрсын Мукановна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері

1-бағыт: «Барым да, бақытым да – осы өлеңім». Комиссия мүшелері:

1. Акимбекова Гүлзира Зейноллақызы «Құрмет» орденінің иегері, Қарағанды облысы білім басқармасының «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2. Бабаков Жанболат Бекенович «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» әдіскері, тіл жанашары;

3. Кулпеисова Сабира Избасаровна «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2-бағыт: «Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы...». Комиссия мүшелері:

1. Шалқар Жәлел Қуандықұлы – ақын, журналист, «Орталық Қазақстан» газетінің аға тілшісі;

2. Ерболат Қуатбек – «Arqa Aqshamy» газетінің жауапты хатшысы;

3. Орынбаева Эльмира Сайлауқызы Ақын, Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры.

3-бағыт: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...». Комиссия мүшелері:

1. Жақан Жұпар Рысқұлқызы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі иегері;

2. Садвакасова Кулимжан Кииковна – «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;

3. Шәкәрімова Гүлдана Қуатқызы «Qasym» баспа үйінің бас редакторы;

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды, сертификаттар тапсырылды. Барлық қатысушыға «Қасым» журналын табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз қатысушылар:

«Барым да, бақытым да – осы өлеңім» бағыты бойынша гуманитарлық бағытта:

1-орын – Мейрамбекқызы Ұлпан, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Касимова Алия Жумажановна.

2-орын –Кусылбекова Аяжан Сагатбековна, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Калкенова Эльмира Ибрагимовна.

3-орын Қанатқызы Алуа, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Мукашева Айым Серикбаевна.

3-орын: Көпбаев Ислам Нұрболұлы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК; жетекшісі: Жумадилова Бакытгул Шакаримовна.

Техникалық бағытта:

1-орын – Шуляк Кирилл Сергеевич, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК; жетекшісі: Даурбекова Асемгуль Ибракимовна.

2-орын –Сәбитұлы Дінмұхамед, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Дуашева Назгуль Ермековна.

3-орын – Талғат Адия Арленқызы, «Қарағанды IT&Business колледжі» ЖММ; жетекшісі: Жалгасбаева Акбота Кайнарбековна.

3-орын: Нысанбаев Қыдыркелді; Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Балхожаева Гульнура Героевна.

«Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы...» бағыты бойынша гуманитарлық бағытта:

1-орын – Амангелді Аида, «Қарағанды Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ; жетекшісі: Иманбеков Қайрат Берікболұлы.

2-орын –Амантай Жанерке, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ; жетекшісі: Қабылова Перизат Төкенқызы.

3-орын – Алтын Көркем Мұхамбетқалиқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Мақатай Ербұлан Айтбайұлы.

Техникалық бағытта:

1-орын – Капкеш Нұрислам Бейбітұлы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ; жетекшісі: Иманбеков Қайрат Берікболұлы.

2-орын – Жұмажан Кәусар, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК; жетекшісі: Айтбаева Нагима Калдыбековна.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» бағыты бойынша гуманитарлық бағытта:

1-орын: Әмірова Ләйлә Қажымұратқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Муханова Гульден Тунгышбайкызы.

2-орын: Ғабдолла Айым, «Қарағанды Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ; жетекшісі: Иманбеков Қайрат Берікболұлы.

3-орын: Аман Әлфия Нұрбекқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық – техникалық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Баймолдина Анар Сабыровна.

Техникалық бағытта:

1-орын: Ержанұлы Жансерік, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Сулейменова Жанар Кайсаровна.

2-орын: Төлеубай Гүлфайрус Асетқызы, «Қарағанды IT&Business колледжі» ЖММ; жетекшісі: Жалгасбаева Акбота Кайнарбековна.

3-орын: Жамбулов Ербол Жеңісбекұлы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; жетекшісі: Есбенбетова Айнура Калдыбековна.

Байқау барысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі музыкалық білім беру бөлімінің домбырашылар ансамблі Құрманғазының «Адай» күйін (жетекшісі: Төлеуова Арай Төлеуовна), «Қыздар» тобы (жетекшісі: Кадырберлина Роза Муралиевна) Қасым Аманжолов өлеңіне жазылған Ілия Жақановтың «Әлия» әнін орындады. Колледж студенттері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы

23.12.2025 г. в Карагандинском высшем гуманитарном колледже состоялся конкурс профессионального мастерства WorldSkills среди студентов 4 курса специальности «Педагогика и методика начального обучения» по компетенции «Преподавание в начальных классах». В ходе конкурса участники продемонстрировали уровень профессиональной подготовки, педагогическое мастерство и творческий подход к организации учебного процесса. Студенты представили фрагменты уроков для начальных классов, элементы воспитательных мероприятий и проектные работы, продемонстрировав умение применять современные педагогические технологии и эффективно взаимодействовать с обучающимися. Цель конкурса — развитие профессиональных компетенций будущих учителей начальных классов, совершенствование практических навыков и поддержка творческих инициатив в соответствии со стандартами WorldSkills. По итогам конкурса призовые места распределились следующим образом: I место — Глотова Валерия, II место — Тағай Ақтоты, III место — Шамей Айсұлу. Проведение конкурса стало значимым событием для студентов и способствовало повышению уровня их профессионального мастерства.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Тігу технологиясы» пәні бойынша практика

22. 12. 2025 г. в Карагандинском высшем гуманитарном колледже в рамках «Года рабочих профессий» состоялся дефиле-показ фартуков, сшитых студентами 3 курса отделения «Көркем еңбек» в ходе производственной практики по дисциплине «Технология шитья». Целью мероприятия стало развитие профессиональных компетенций студентов, формирование практических навыков в области швейного производства, а также раскрытие их творческого потенциала. В ходе дефиле зрителям были представлены фартуки различных фасонов, выполненные в современном и национальном стиле, в которых гармонично соединились фантазия, индивидуальность и мастерство каждого участника. В завершение мероприятия заместитель директора Карагандинского высшего гуманитарного колледжа по производственной практике Мергенбаева А.М. выступила с заключительным словом и дала высокую оценку работам студентов. Руководитель практики — преподаватель специальных дисциплин, педагог-исследователь, внештатный тренер НАО «Talap» по образовательной программе «Развитие профессионального мастерства педагогов организаций ТиПО в области швейного производства и моделирования одежды» Торебаева Г.Р.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
Колледжішілік пәндік олимпиада

С 08 по 12.12.2024 г. в Карагандинском высшем гуманитарном колледже прошла внутриколледжная предметная олимпиада по общеобразовательным предметам. Цель олимпиады - выявление одаренных студентов, создание благоприятных условий для их дальнейшего интеллектуального развития. В данной олимпиаде приняли участие студенты 1 курса всех отделений нашего колледжа. Победителей олимпиады наградили грамотами. Поздравляем победителей!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Soft Skills - заманауи педагогке қажетті дағдылар»

22.12.2025 г. в Карагандинском высшем гуманитарном колледже в рамках «Школы молодых специалистов» был проведён workshop на тему «Soft Skills — навыки, необходимые современному педагогу». Цель мероприятия — развитие у педагогов профессионально значимых навыков, таких как коммуникативные способности, умение работать в команде, эмпатия, критическое мышление, управление временем и лидерские качества. В ходе workshop участники через интерактивные задания, ситуационные игры и групповые обсуждения проанализировали влияние soft skills на качество урока и рассмотрели способы их практического применения. В завершение мероприятия педагоги провели рефлексию собственной практики, сформулировали конкретные предложения и выводы, направленные на профессиональное развитие.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/