ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ХОР! ![]()
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі болып табылатын «Музыкалық білім беру» бөлімінің «ARQA AUENI» хоры
Өзбекстанның Ташкент қаласында 2025 жылдың 31 қазан – 3 қараша аралығында өткен «OPEN ASIA 2025» халықаралық байқауында І орын иеленді!
Бұл беделді мәдени шараны Испанияның Fiestalonia Milenio фестивальдік комитеті ұйымдастырды.
Жас өнерпаздарымыз халықаралық деңгейде Қазақстанның өнері мен мәдени мұрасын лайықты танытып, ел абыройын асқақтатты!
Сонымен қатар, хор ұжымы 2026 жылдың 23–28 қазаны аралығында Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өтетін халықаралық Super Grand Prix байқауына қатысу үшін 20% жеңілдікпен қатысу құқығын иеленді! ![]()
Жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! ![]()