03.11.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде танымал қазақстандық суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Мәлік Мұқановпен шығармашылық кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер шебердің шығармашылық жолымен, оның заманауи бейнелеу өнеріне деген көзқарасымен және ұлттық көркемсурет мектебінің ерекшеліктерімен танысты. Мәлік Мұқановтың қазақ гобеленінің дамуы және оның Қазақстанның мәдени мұрасындағы рөлі туралы әңгімесі ерекше қызығушылық тудырды.
Суретші көрмелерге қатысудың жеке тәжірибесімен бөлісті, өзінің жұмыс әдістері және шығарманың идеясы қалай пайда болатындығы туралы айтты. Студенттер қызығушылықпен сұрақтар қойып, өнердің өзекті мәселелерін талқылады және шығармашылық ойлауды дамыту бойынша құнды кеңестер алды.
Кездесу жылы және шабыттандыратын атмосферада өтті. Мұндай шебермен қарым-қатынас жарқын әсер қалдырды, қатысушыларды одан әрі өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби өсуге итермеледі.
Біз Мәлік Мұқановқа қызықты әңгіме, шынайылық, ашықтық және өз тәжірибесімен бөліскелі келгені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Мұндай кездесулер студенттердің көркемдік мәдениетін дамытуға және олардың бейнелеу өнеріне деген терең қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.