Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктер үшін Білім беру бағдарламаларын Реестрге енгізу бойынша сараптама жүргізетін мамандарға арналған маңызды онлайн-семинар

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН РЕЕСТРГЕ ЕНГІЗУ: «TALAP» КЕАҚ-НЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУЫМЕН!

04 қараша 2025 жылы «TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктер үшін Білім беру бағдарламаларын Реестрге енгізу бойынша сараптама жүргізетін мамандарға арналған маңызды онлайн-семинар өтті.

Семинар «TALAP» КЕАҚ Бас менеджері М.Ж. Амиржанованың әдістемелік сүйемелдеуімен өткізілді. Спикер қатысушыларға «ТжКББ білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауға арналған жүйелі нұсқаулықты таныстырып, сараптама процесінің негізгі қағидаттарын түсіндірді.

Іс-шара барысында тәжірибелі сарапшы, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестікке қарасты «Музыкалық білім беру» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Аханова Алма Галямовна өз тәжірибесімен бөлісіп, сараптаудың нақты критерийлері мен тиімді тәсілдерін ұсынды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласынан МҚК «Алтын бала» балабақшасының әдіскері, ТжКББ білім беру бағдарламаларының тәжірибелі сарапшысы Акжанова Айна Рахымжановна өндіріс өкілі ретінде өз тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн-семинарға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам педагог, өндіріс өкілдері қатысып, өз кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және әдістемелік қолдау алуға мүмкіндік алды.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/