Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Авторлық материалдар негізінде үздік тәжірибелерді тарату арқылы колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында республикалық инновациялық педагогикалық алаң онлайн форматта

05.11.2025 ж. күні «Авторлық материалдар негізінде үздік тәжірибелерді тарату арқылы колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында республикалық инновациялық педагогикалық алаң онлайн форматта өткізілді.

Бұл маңызды іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының басшылығымен «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК ұйымдастырды.

Оған «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі», «Қарағанды “Bolashaq” жоғары колледжі» және «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК қатысты.

Іс-шара барысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің әкімшілігі мен тәжірибелі оқытушылары, соның ішінде колледж директоры және ОӘБ төрайымы Уатаева Гульмира Султанмуратовна қатысушыларға сәттілік тілеп, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Сондай-ақ, орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, педагог-сарапшы Траксель Ольга Валентиновна «Методические рекомендации по применению интерактивных приёмов обучения на уроках русской литературы в колледже» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулығымен бөлісті.

Арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, «Көркем еңбек» бөлімінің меңгерушісі Рахимбаева Таңжариқ Қойшыбаевна мен арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші Идрисова Меруерт Әбілтаевна «Сурет салу, мүсіндеу, аппликация, көркемдік-шығармашалық іс-әрекетін үйрету әдістемесі» атты әдістемелік құралдарын ұсынып, өздерінің авторлық әрі тиімді тәжірибелерін республикалық деңгейде табысты түрде таратты.


Медиа жаңалықтар

1 из 3

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА» байқауының «Даналық үні – қара сөз» номинациясы

05.11.2025 ж. күні Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА» байқауының «Даналық үні – қара сөз» номинациясы бойынша облыстық кезеңге іріктеуден өтті. Байқауға «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің студенттері Айтқали Мөлдір, Кошиков Абдулла (жетекшісі: Муханова Г.Т.), Депудат Гүлбақыт (жетекшісі: Касимова А.Ж.), Мақыжан Алданыш (жетекшісі: Мақатай Е.А.), Советов Батырхан, «Шетел тілі» бөлімінен Хасенова Жансая (жетекшісі: Мукашева А.С.) қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 4-курс студенті Кошиков Абдулла І дәрежелі, Айтқали Мөлдір ІІ дәрежелі дипломмен және сыйақымен марапатталды. Құттықтаймыз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«Авторлық материалдар негізінде үздік тәжірибелерді тарату арқылы колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында республикалық инновациялық педагогикалық алаң онлайн форматта

05.11.2025 ж. күні «Авторлық материалдар негізінде үздік тәжірибелерді тарату арқылы колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында республикалық инновациялық педагогикалық алаң онлайн форматта өткізілді. Бұл маңызды іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының басшылығымен «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК ұйымдастырды. Оған «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі», «Қарағанды “Bolashaq” жоғары колледжі» және «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК қатысты. Іс-шара барысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің әкімшілігі мен тәжірибелі оқытушылары, соның ішінде колледж директоры және ОӘБ төрайымы Уатаева Гульмира Султанмуратовна қатысушыларға сәттілік тілеп, өз ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ, орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, педагог-сарапшы Траксель Ольга Валентиновна «Методические рекомендации по применению интерактивных приёмов обучения на уроках русской литературы в колледже» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулығымен бөлісті. Арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, «Көркем еңбек» бөлімінің меңгерушісі Рахимбаева Таңжариқ Қойшыбаевна мен арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші Идрисова Меруерт Әбілтаевна «Сурет салу, мүсіндеу, аппликация, көркемдік-шығармашалық іс-әрекетін үйрету әдістемесі» атты әдістемелік құралдарын ұсынып, өздерінің авторлық әрі тиімді тәжірибелерін республикалық деңгейде табысты түрде таратты.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
«TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктер үшін Білім беру бағдарламаларын Реестрге енгізу бойынша сараптама жүргізетін мамандарға арналған маңызды онлайн-семинар

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН РЕЕСТРГЕ ЕНГІЗУ: «TALAP» КЕАҚ-НЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУЫМЕН! 04 қараша 2025 жылы «TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктер үшін Білім беру бағдарламаларын Реестрге енгізу бойынша сараптама жүргізетін мамандарға арналған маңызды онлайн-семинар өтті. Семинар «TALAP» КЕАҚ Бас менеджері М.Ж. Амиржанованың әдістемелік сүйемелдеуімен өткізілді. Спикер қатысушыларға «ТжКББ білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауға арналған жүйелі нұсқаулықты таныстырып, сараптама процесінің негізгі қағидаттарын түсіндірді. Іс-шара барысында тәжірибелі сарапшы, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестікке қарасты «Музыкалық білім беру» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Аханова Алма Галямовна өз тәжірибесімен бөлісіп, сараптаудың нақты критерийлері мен тиімді тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласынан МҚК «Алтын бала» балабақшасының әдіскері, ТжКББ білім беру бағдарламаларының тәжірибелі сарапшысы Акжанова Айна Рахымжановна өндіріс өкілі ретінде өз тәжірибесімен бөлісті. Онлайн-семинарға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам педагог, өндіріс өкілдері қатысып, өз кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және әдістемелік қолдау алуға мүмкіндік алды.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 6 қараша
Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Мәлік Мұқановпен шығармашылық кездесу

03.11.2025 г. в Карагандинском высшем гуманитарном колледже состоялась творческая встреча с известным казахстанским художником, членом Союза художников Республики Казахстан Маликом Мукановым. В ходе встречи студенты познакомились с творческим путём мастера, его взглядами на современное изобразительное искусство и особенностями национальной художественной школы. Особый интерес вызвал рассказ Малика Муканова о развитии казахского гобелена и его роли в культурном наследии Казахстана. Художник поделился личным опытом участия в выставках, рассказал о собственных методах работы и о том, как рождается замысел произведения. Студенты с увлечением задавали вопросы, обсуждали актуальные проблемы искусства и получили ценные советы по развитию творческого мышления. Встреча прошла в тёплой и вдохновляющей атмосфере. Общение с таким мастером оставило яркие впечатления, побудило участников к дальнейшему самосовершенствованию и профессиональному росту. Мы выражаем искреннюю благодарность Малику Муканову за интересную беседу, искренность, открытость и желание поделиться своим опытом. Такие встречи способствуют развитию художественной культуры студентов и формированию у них глубокого интереса к изобразительному искусству.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/