05.11.2025 ж. күні Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА» байқауының «Даналық үні – қара сөз» номинациясы бойынша облыстық кезеңге іріктеуден өтті. Байқауға «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің студенттері Айтқали Мөлдір, Кошиков Абдулла (жетекшісі: Муханова Г.Т.), Депудат Гүлбақыт (жетекшісі: Касимова А.Ж.), Мақыжан Алданыш (жетекшісі: Мақатай Е.А.), Советов Батырхан, «Шетел тілі» бөлімінен Хасенова Жансая (жетекшісі: Мукашева А.С.) қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 4-курс студенті Кошиков Абдулла І дәрежелі, Айтқали Мөлдір ІІ дәрежелі дипломмен және сыйақымен марапатталды.
Құттықтаймыз!
Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!