12.11.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қаржылық сауаттылық апталығының аясында АПФ форматындағы колледжішілік бөлімдер арасындағы «ЖЕТІ ЖАРҒЫ CUP» дебат турнирі өтті. Турнирге қазақ лигасынан жеті команда және орыс лигасынан үш команда қатысып бақ сынасты. Студенттердің сөз саптау, шешендік өнерін шыңдауды мақсат еткен турнирдің ашылу салтанатында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Джуманкулова Самал сөз алып әр бөлімнен жасақталған командаларға сәттілік тіледі. Жігер студенттік парламентінің координаторы Ешмағанбет Сымбат және колледжіміздің тәжірибелі студенттері төрелік етті. Турнирдің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Іс-шара жетекшілері: А.Б. Аяганов, А.Б. Оспанова, С.С. Ешмағанбет