10–13 қараша аралығында Қарағанды қаласында ҚР 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы және 2021–2025 жылдарға арналған жастарды қолдаудың кешенді жоспары негізінде өткен «Qaragandy Student Fest – 2025» студенттер фестивалі сәтті аяқталды.
Фестивальді Қарағанды қаласының «Жастар ресурстық орталығы» және Қарағанды облысының «Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Фестивальдің мақсаты — жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, түрлі оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайту және дарынды студенттерді қолдау.
Биылғы фестиваль 8 түрлі бағыт бойынша өткізіліп, біздің колледж студенттері үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
I орын — «Халықтық хореография» номинациясы
Орындаушылар: ҚЖГК шығармашылық тобы
Жетекшісі: Аюпова А. Е.
I орын — «Инструментальное исполнение (ансамбль)»
Орындаушылар: «Жас дәурен» ансамблі
Жетекшісі: Ахметжанова Арай Төлеуқызы.
I орын — «Инструментальное исполнение (соло)»
Орындаушы: Амангелді Алан Даниярұлы.
Жетекшісі: Кочеткова Татьяна Дмитриевна.