14.11.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Көркем еңбек» бөлімінің 4-курс студенттері Ерікова Іңкәр мен Қайыр Дария оқушылар мен студенттерге арналған «Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін» атты дайын бұйымдардың VIII облыстық жәрмеңкесіне қатысып, өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынды. Шара барысында студенттер қолөнер бағытындағы шығармашылық туындыларын көпшілік назарына шығарып, өз идеяларын нарықтық ортада сынап көрді. Студенттердің дайындығы мен шығармашылық ізденісіне бағыт-бағдар берген жетекшілері — арнайы пәндер оқытушылары, педагог-зерттеушілер Рахимбаева Т.К. және Торебаева Г.Р. олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, шеберліктерін шыңдауға ықпал етті.