21.11.2025 ж.күні Қарағанды облыстық Сарыарқа телеарнасының "Сәлем, Қарағанды" атты таңғы бағдарламасына Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі "Музыкалық білім беру бөлімінің" "Арқа әуені" хоры қонақ болып барды.
Аталмыш бағдарламада халық әні (хорға өндеген Ғалымжан Берекешев) "Самал тау" атты шығармасы орындалды.
Эфир барысында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚҚ "Музыкалық білім беру бөлімінің" арнайы пәндер оқытушысы "Арқа әуені" хорының жетекшісі Мамбетназарова Айжан Маханбеталиевна,
Арнайы пәндер оқытушысы Кусаинова Азиза Куанышовна,
"Музыкалық білім беру бөлімінің 4- ші курс студенті Өміржан Жанасыл сұхбат берді.
Сұхбат беру барысында беделді мәдени шараны Испания елінің"Fiestalonia Milenio" фестивальдік комитетінің ұйымдастырумен өткен "Open Asia 2025" Халықаралық бауқауынан алған әсерлерімен бөлісті.