24.11.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Тіл және сөйлеу мәдениеті» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шараның спикері Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы студенттерге тіл мәдениетінің мәні, маңызы туралы айтып, сөз қолданыста жиі жіберілетін қателіктерге тоқталды. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дұрыс меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Тіліміздегі варваризм сөздерден арылу қажеттігі айтылды.
Тренинг соңында Ж.Жақан кітап оқудың сөйлеу мәдениетін көтерудегі рөлін баса айтып, студенттерге кітаптарды сыйға тартты.