26.11.2025 ж. күні Сәкен Сейфуллин атындағы театрда Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесі ұжымының ұйымдастыруымен "Әуезов әлемі" атты READx жобасының қорытынды марапаттау кезеңі өтті. Бұл салтанатты шарада М.Әуезов шығармасы бойынша театрландырылған қойылым қойылып, әсем ән мен тәтті күйлер орындалды. "Үздік эссе" байқауының қорытындысы бойынша Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, "Бастауыш білім беру бөлімі" студенті Ғалымжан Гүлсара 3-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
(Жетекшісі Тойымбекова Ж.Б.)
Құттықтаймыз!