26.11.2025 ж. күні Қарағанды облысының әкімдігі мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы А.Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» облыстық байқауында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің 4-курс студенті Кошиков Абдулла (жетекшісі: педагог-зерттеуші Муханова Г.Т.) «Даналық үні – қара сөз» Абайдың қара сөздерін жатқа айту және талдау номинациясы бойынша қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқаудың қалалық кезеңінде Абдулла І орынды иеленген еді.
Құттықтаймыз!
Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды дарытуда осындай шаралардың маңызы өте зор.