27.11.25 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» байқауы, «Адал азамат» бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Мұқтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (4- кітабы) бойынша өтті.
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын, төрт томға тізілген тағдырлар мен тарихтың телегей сырын талдай отырып, студенттердің ой өрісін кеңейту, көркемдік талғамын жетілдіріп, зияткерлік ойыны арқылы насихаттау.
Іс- шара барысында: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының “Қапада”, “Қастықта”, “Шайқаста”, “Жұтта”, “Эпилог” тараулары бойынша өткізілген байқау барысында студенттерге конверттер ұсынылып, олардың ішінен әр топ өздерінің алған сұрақтарына жан-жақты талдау жасап, сұрақтардың мәнін тереңінен ашып, әр тармаққа көркемдік тұрғыдан негізделген мазмұнды жауаптар берді. Командалық формат студенттердің бір-бірімен еркін пікір алмасуына, мәтінге әр қырынан келуге, ортақ ой түйіндеу дағдысын дамытуға жол ашты. Қазақ және орыс тілдерінде қатар талдау жүргізу олардың тілдік қорын кеңейтіп, шығарманы екі түрлі мәдени-тілдік бейнеде қабылдау қабілетін арттырды.
Шараға: 30 студент қатысты.