28 қараша 2025 жылы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің педагогика пәні оқытушылары Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжі және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастырған «Құндылықтарға негізделген білім беру: Адал азамат тұлғасын қалыптастыру жолдары»
атты IV халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Колледж атынан қатысқан:
1. Даян Мадина – Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты, арнайы пәндер оқытушысы.
2. Валиева Айман Галымжановна – педагогика ғылымдарының магистрі, арнайы пәндер оқытушысы, педагог-сарапшы
Оқытушыларымыз конференцияда өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, білім берудегі құндылыққа негізделген жаңа бағыттар мен тиімді тәсілдерді ұсынды.
Қатысушыларымызды белсенділігі мен кәсіби жетістіктері үшін құттықтаймыз!