05.12.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Дирижерлеу, дауыс қою және концертмейстерлер» ЦМК-ның Ашық апталығы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына арналған Хор фестивалі өтті. Іс-шараға музыкалық бөлімнің барлық хор ұжымдары қатысты.
Шара тәрбие жұмысының бірыңғай "Адал азамат" бағдарламасының негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды. Бағдарламаның мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Хор фестивалі — хор өнерін насихаттау, ұжымдар арасындағы тәжірибе алмасу, дәстүрлі мәдени құндылықтарды сақтау және дамыту үшін маңызды алаң. Сонымен қатар, бұл кәсіби шеберлікті көрсету мен шығармашылық қарым-қатынасқа жол ашады.Іс-шара салтанатты әрі достық атмосферада өтіп, көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.