05.12.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Lesson Study» жобасының нәтижелері бойынша рефлексия жасалды. Жобаға 8 фокус топ қатысып, бірлескен зерттеу жұмыстарының қорытындыларын ұсынды. Lesson Study әдісінің басты мақсаты – оқыту сапасын арттыру, студенттердің білім жетістіктерін көтеру және оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болды. Зерттеу барысында студенттердің оқу қажеттіліктері талданды, зерттеу сабақтары өткізіліп, оқу әрекеттері бақылауға алынды. Нәтижесінде сабақ сапасы жақсарып, студенттердің белсенділігі мен мотивациясы артты, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі жетілді, ғылыми-әдістемелік материалдар жинақталды және колледж ішінде бірлескен талдау мәдениеті қалыптасты.