05.12.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің 4-курс студенттері Қарағанды облысы тілдері дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық: мәдениет және тіл» тақырыбында өткен пікірталасқа қатысты.
Іс-шараға қатысушылар «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы негізінде ұлт руханиятының дамуы, мәдениетті сақтауда тұлғалардың рөлі, тілдің ұлт тірегі ретіндегі маңызы туралы ойларын айтып, пікір білдірді.