05.12.2025 ж. күні «Жастар Жастарға» жобасы аясында өткен «Ұрпақ таңдауы: Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» форумы табысты ұйымдастырылды.
Форумға белсенді жастар, студенттер, қоғам қайраткерлері және антикоррупциялық сарапшылар қатысып, адалдық, ашықтық, әділдік құндылықтары туралы маңызды пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында өткен «Adal Urpaq» облыстық байқауында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің атынан қатысқан
Ш-25Б тобының студенті Кенжебекова Сая
«Плакат/инфографика» номинациясы бойынша III орын иеленді!
Жас шығармашыл студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!