08.12.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Математикалық сауаттылық апталығы аясында «MultiQuiz IT Battle» зияткерлік ойыны МД-25 тобының бірінші курс студенттерімен өткізілді. Викторинаның мақсаты – студенттердің информатика саласындағы білімдерін тереңдету, оларды практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ командалық жұмысқа баулу және ақпараттық мәдениетін арттыру болды.
Іс-шараға топтың 14 студенті қатысып, бірнеше интерактивті онлайн-платформаларда: Kahoot, Wordwall.net, LearningApps.org, Wayground.com тапсырмаларын орындады. Ойын барысында қатысушылар логикалық ойлауын, жылдам әрекет ету қабілеттерін және цифрлық платформаларда жұмыс жасау дағдыларын көрсете білді. Викторина мазмұнды, тартымды әрі жоғары белсенділікпен өтті. Іс-шара соңында студенттер ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – информатика пәнінің оқытушысы А.М.Исполова.