09.12.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде математикалық сауаттылық апталығы аясында «Математиканың қызықты беттері» атты танымдық математика сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің математика ғылымына қызығушылығын арттыру, олардың пәндік зерттеу дағдыларын дамыту және ғылыми-танымдық көзқарастарын кеңейту болды. Математика сағаты барысында студенттер математика саласына қатысты шағын зерттеу жұмыстарын таныстырып, өз ізденістерінің нәтижелерін ұсынды. Іс-шара барысында студенттер фракталдық математика ұғымымен де танысып, оның шексіздік, өзін-өзі қайталау және күрделі құрылымдарды модельдеудегі рөлі туралы мазмұнды ақпарат алды. Бұл бағыт студенттердің математикалық дүниетанымын кеңейтуге және абстрактілі ойлауын дамытуға ықпал етті.
Іс-шараға барлығы 30 студент қатысты.
Ұйымдастырушы – математика пәнінің оқытушысы Г.Т. Бурханова.