13–14.12.2025 ж. күндері аралығында
Екібастұз қаласында «Білім» білім мен мәдениетті дамыту қоры» ҚҚ және Екібастұз қаласы әкімдігінің «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылына арналған колледж студенттері арасындағы республикалық дебаттық турнир өтті.
Елдің 9 облысынан 28 команда қатысқан тартысты додада Шетел тілі бөлімінің студенттерінен құралған «Жеті жарғы» командасы жоғары деңгейдегі шешендігімен, терең ойымен және сенімді дәлелдерімен ерекшеленді.
Нәтижесінде студенттеріміз
Алдабергенова Карима Рустембековна
Хасенова Жансая Бақытжанқызы
сыннан сүрінбей өтіп, І орынды иеленді!
Жетекшісі: Аяганов Алтай Бадеивич