08.02.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығының аясында информатика пәнінің оқытушысы Ж.Б. Шалабаевтың ұйымдастыруымен студенттер арасында «Хайтек жаңа технологиялар топтамасымен LEGO Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу» тақырыбында сабағы өтті. Сабақта теорияны практикамен ұштастырастыра отырып, білім алушылар LEGO Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеуді үйренді. Сонымен қатар, 3D форматында биология, химия, физика пәндерін оқып үйренуде қолдануға болатын робот модельдерін қарастырды. Әр студент жаңа технологиялар шеңберінде қызықты ақпараттарымен бөлісіп, білімдерін тереңдете түсті. Барлығы сабаққа 28 студент қатысты.
Новость
LEGO Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу» тақырыбында сабақ
February 8, 2024
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК
Медиа новости
1 из 5