18.03.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ахатай Баян Орынбасарқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында Баян Орынбасарқызы елімізде тұрмыстық мәселелерді шешу, тәрбие мәселелері және ұлттық құндылықтарды сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен қоса қазіргі қоғамдағы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас, байланыс орнату қиындықтары, балалардың ерекшеліктері жайлы сөз қозғап, осы мәселелерге қатысты студенттердің ойларын тыңдады. Кездесу соңында Баян Орынбасарқызы білім алушыларға өз пікірлерін ашық жеткізгені және ұсыныстары үшін алғысын білдірді.
#белсендіжастар #Аналаркеңесі #Қарағандыжоғарыгуманитарлықколледжі