04.04.2024 ж. күні Республикалық «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» волонтерлік жобасын іске асыру аясында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері, волонтерлер Амантаева Толқын мен Жанатова Жансая «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-нің 8 «Б» сыныбымен «Жақсылық – ұмыт, жаңылыс – кек» тақырыбында
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ туралы тренинг өткізді.
Мақсаты: оқушылардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту және адалдыққа , достыққа баулу.