17.04.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3-курс студенттері арасында «Тәрбиеші-тәрбиенің тірегі»атты педагогикалық шеберлік кәсіби байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша студенттердің шығармашылық қабілеттері, дауыс ырғағы мен эмоциясын білдіре отырып мәнерлеп оқуы, еріктілердің көмегімен қимыл-қозғалыс ойынын ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін қолдануы бағаланды. Әлеуметтік серіктестер мен ЦӘК оқытушыларынан құрылған әділ-қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады. Байқаудың қорытындысы бойынша I-орынды Калыкенова Ұлбике, II-орынды Сүлеймен Сезім, III-орынды Рябова Татьяна иеленді. Қатысушыларға сертификаттар, әлеуметтік серіктестерге алғыс хаттар табысталды.
Новость
«Тәрбиеші-тәрбиенің тірегі»атты педагогикалық шеберлік кәсіби байқауы
April 22, 2024
«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК
Медиа новости
1 из 2