19.04.24 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Музыкалық тәрбиенің теориясы мен әдістемесі, фортепиано» ЦӘК шығармашылық апталығы «Музыкалық білім беру» бөлімінің 4 курс студенттері арасында «Абсолюттік есту» музыкалық-теориялық сайысымен қорытындыланды. Сайыстың мақсаты - музыкалық-теориялық білімдерді меңгеру барысында қалыптасқан дағдыларды музыка сабақтарында қолдана алатын болашақ музыка мұғаліміне қажетті құзіреттер қалыптастыру. Сайыс «Музыкалық викторина», «Гармония», «Әуендерді парақтан орындау» үш модулі бойынша өткізілді. Қатысушылар өздерінің қазақ, әлемдік музыканың классикасы бойынша білімдерін, таза интонациялау, гармониялық есту дағдыларын көрсетті. Жеңімпаздар – І орын Казимова Ақниет, ІІ орын Узденбаев Бексұлтан, Мұқтар Досбол, ІІІ орын Бейсембаев Серік дипломдармен марапатталды.
Новость
«Абсолюттік есту» музыкалық-теориялық сайысы
April 22, 2024
«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК
Медиа новости
1 из 7