05.09.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – асыл қазына» атты әдеби панорама өтті.
Мақсаты: тілге құрмет көрсету, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын жастарға дәріптеу, үлгі ету.
Колледж студенттері тілдің адам баласының өмірінде алатын орны туралы айта отырып, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін сақтауға және дамытуға бағытталған идеяларының өзектілігін жоба ретінде қорғап, көпшіліктің назарына ұсынды, жыр шумақтары мен өз туындыларын мәнерлеп оқыды.