14.06.2023 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде жас мамандар арасында «Үздік жас педагог-2023» колледжішілік байқауы өтті.
Колледждің жас оқытушыларының шығармашылық әлеуетін ашу және кәсіби белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауда 7 жас маман білім берудегі инновациялары және шығармашылық бастамаларымен бөлісті.
Байқау 2 кезеңнен 4 тапсырмадан тұрды:
І кезең. Педагогтың электрондық портфолиосы
ІІ кезең
1. Таныстырылым «Шығармашылық жолымның бастауы» (бейнеролик)
2. Бейне сабақ
3. «Пәнді оқыту әдістемесі: жаңалықтар мен жетістіктер"тақырыбындағы педагогикалық стендап