Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаш туы астында» атты әдеби панорама

28.11.2023 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Алаш айлығы» шарасы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаш туы астында» атты әдеби панорама ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: Әдебиетіміздің аса дарынды өкілдерінің бірі, сан қырлы талант иесі С.Торайғыровтың ақындық, жазушылық, ағартушылық қырларын ашу, өскелең ұрпаққа таныстыру және үлгі ету, Алаш азаматының рухына бас ию.

Небәрі 27 жыл ғана өмір сүріп, Алаштың көгінде жұлдыздай жарқ етіп, аз ғана ғұмырын халқының өркендеуі мен азаттығына, ағарту ісі мен әдебиетіне арнап, Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз! – деп жырлаған халқымыздың бірегей тұлғаларының бірі С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын колледж студенттері жан-жақты аша білді: өлеңдерін жатқа оқыды, өлеңдері мен поэмалары, романдарының тақырыптық ерекшелігі туралы шағын ғылыми жобалар қорғады, студенттер мен қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізді, сондай-ақ, қазіргі кезде ақын есімінің насихатталуы мен зерттелуі туралы хабарлама жасады.

Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті» – дейді ақын. Олай болса, Әділетті Қазақстанда, еліміздің өркендеуі мен жасампаздығы жолында білім алып, қажырлы еңбек ету – біздің, яғни жастардың, басты міндеті. Берері көп, танымы мол шара жалғасын табады деген сенімдеміз.


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 8

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 29 қараша
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/