13.12.2023 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Қарағанды облысының Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып «Lesson study» (Сабақты зерттеу) - оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру құралы» тақырыбында онлайн форматта қалалық семинар өтті. «Lesson study» шығармашылық топтардың зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату мақсатында ұйымдастырылған шараға «Lesson study», «Students study» (студенттерге арналған Lesson study), «Action research» (Іс-әрекеттегі зерттеу) шығармашылық топтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлері, колледж әкімшілігі, оқытушылар, ресурстық мектеп мұғалімдері қатысты
Семинардың практикалық бөлімінде «Students study» (студенттерге арналған Lesson study) шығармашылық топтары арасында «Ең үздік рефлексиялық есеп» байқауы өткізіліп, үздік рефлексиялық есептер мадақтамалармен марапатталды.