Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

31.01.2024 ж. Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында екінші облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» байқауы өткізілді. Байқаудың 2 кезеңіне өткен облыс колледждерінен 10 оқытушы қатысты.

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КҚМК директоры Абдикерова Бақытгүл Химальдиновна дәстүрлі өткізілетін үздік оқытушы байқауының мазмұны мен маңызына тоқталып, қатысушы әріптестеріне сәттілік тіледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, циклдік әдістемелік бірлестік жетекшісі Муханова Гүлден Тұңғышбайқызы байқаудың өту барысымен таныстырды.

Байқау төмендегідей модульдар бойынша жүзеге асты:

І модуль: «Таратуға лайықты идеялар» «Q Talks» форматы арқылы

педагогикалық идеямен бөлісу;

ІІ модуль: «Үздік панорамалық сабақ»;

ІІІ модуль: «Үздік әдістемелік қоржын».

Тапсырмалардың қорытындысы қазылар алқасы шешімімен айқындалады.

Қазылар алқасының төрайымы:

1. Баймағанбетова Тұрсын Мукановна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері.

Қазылар алқасының мүшелері:

2. Смагулова Қазиза Ғабдоллаевна, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғам филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы;

3. Шубакова Куляш Искаковна, Қарағанды қаласы, «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының тренері;

4. Тұрсынова Мархаба Ахметқалиқызы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф. ғ. к.;

5. Қасым Гүлбаршын Медетқызы, №36 ЖББМ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Жыл мұғалімі» байқауының финалисі.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен номинация иегерлері анықталды:

Бас жүлде иегері – Серикова Асыл Жанатовна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

1-орын – Бәкібаева Толғанай Бәкібайқызы, Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі ЖММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

2-орын – Есбенбетова Айнура Калдыбековна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

3-орын – Съязхан Бейбетгул, Шет тілдер колледжі ЖММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы.

Номинация иегерлері:

«Жаңашыл оқытушы» – Таласбаева Нургуль Ермековна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

«Әдіскер оқытушы» – Байтурсынова Галия Мусиралиевна, «Саран техникалық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

«Зерделі оқытушы» – Карманова Сауле Бакытовна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

«Креативті оқытушы» – Алимжанова Назымгул Сайдагалиевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

«Шығармашыл оқытушы» – Жакаев Ергулан Жаксылыкович, «Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;

Қазылар алқасының мүшелерінің шешімімен «Ізденімпаз оқытушы» номинациясы ұсынылды:

«Ізденімпаз оқытушы» – Абильдинова Макпал Канаткызы, «Қарағанды Қазтұтыну одағы университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ.


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК

Медиа жаңалықтар

1 из 11

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 1 ақпан
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы

30.01.2026 г. преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Муханова Гульден Тунгышбайкызы приняла участие в областном конкурсе «Лучший преподаватель предмета «Казахский язык и литература»» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования и завоевала І место. Искренне поздравляем с победой! Желаем вам творческих успехов, профессионального роста и новых достижений.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 ақпан
«Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауы

28.01.2025 г. в областном конкурсе педагогических идей и мастерства «Пространство русского языка и литературы» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, прошедшем на базе Карагандинского высшего политехнического колледжа и организованном Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области, преподаватель Карагандинского высшего гуманитарного колледжа Траксель Ольга Валентиновна заняла I призовое место. Пусть ваш труд приносит плоды!

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 ақпан
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирі

ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 24.01.2026 ж. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» БКББ ұйымдастыруымен, 2025 жылғы дебат турнирінде жеңіске жеткен командалар арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан облыстық пікірсайыс турнирінде 🥈 ІІ орын иеленген «Жеті жарғы» командасын шын жүректен құттықтаймыз! 👨‍🏫 Жетекшісі: Аяғанов Алтай Бодеевич Жастарымыздың ойы ұшқыр, сөзі нық, жеңісі тұрақты болсын! #СарыарқаДарыны #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Дебат #Пікірсайыс #ЖетіЖарғы #ЖастарЖетістігі

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 1 ақпан
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбында облыстық кездесу

22.01.2026 г. студенты отделения «Дошкольное воспитание и обучение» «Карагандинский высший гуманитарный колледж» приняли участие в областном мероприятии на тему «Преемственность поколений — основа качества дошкольного образования», которая была организована учебно- методическим центром развития образования Карагандинской области и прошла в Управлении образования Карагандинской области. В ходе встречи студенты проявили активность, поделились своими взглядами и мнениями, а также получили ценные наставления и вдохновение от ветеранов труда.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Тел: (7212) 56-49-33, 56-05-40, 56-12-70
krg-koll-6870@bilim09.kz
г. Караганда Н.Назарбаева, 22 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgk.mycollege.kz/