26.02.2024 ж. күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру процесінде педагогтердің инновациялық ақпараттық технологияларды қолдануының маңыздылығын арттыру.
Байқауға қатысушылар білім беру процесінде инновациялық IT-технологияларды қолданудың тиімді тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жалпы 4 бағыт бойынша өткен байқауға 50 педагог қатысты. «Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша кәсіби шеберлігін көрсеткен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Тойбекова Жанар Айткалиевна жүлделі 2 орынға ие болды.
Жеңімпаз Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды.