29.02.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің әкімшілігі мен еріктілер клубының өкілдері Қарағанды облысында «Менің бауырым» волонтерлік жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша семинар-кеңеске қатысты. Семинар барысында "Өркен" балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Иманғалиев Е.Н. «Менің бауырым» жобасының мазмұны мен алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды. Сонымен қоса Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Жунусова Г.С. аталған жоба студенттердің әлеуметтік жобаларға қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігін арттыратынын және білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
Жаңалық
«Менің бауырым» волонтерлік жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша семинар-кеңес
2024 ж. 4 наурыз
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК
Медиа жаңалықтар
1 из 5