29.02.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері «Менің бауырым» волонтерлік жобасы аясында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты КЕАҚ-ның ғылыми қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен оқыту семинарына қатысты. Еріктілер оқу барысында балалар мен жасөспірімдермен мектептерде жұмыс істеу үшін нұсқаулықтар алды. Олардың одан арғы жұмысы патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектеп ішіндегі өзара қарым-қатынастарды нығайту, эмоционалдық интеллектіні, құқықтық, оқырмандық, қаржылық және IT сауаттылықты дамыту жөніндегі маңызды бағыттарды қамтитын болады.
Жаңалық
«Менің бауырым» волонтерлік жобасы аясында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты КЕАҚ-ның ғылыми қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен оқыту семинары
2024 ж. 4 наурыз
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК
Медиа жаңалықтар
1 из 4