01.03.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне» орай төтеше жағдайларға төтеп беруді үйрету мақсатында оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды. Жаттығу барысында студенттер оқытушылармен бірге өрт қауіпсіздігі дабылы бойынша шұғыл түрде колледж ғимаратын босатып, аулаға жиналды. Студенттерге өрт сөндіру құрылғыларын қолдану ережелері түсіндірілді. Жарақат алған адам болған жағдайда алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек екендігі түсіндірілді.
Жаңалық
«Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне» орай төтеше жағдайларға төтеп беруді үйрету мақсатында оқу-жаттығу шарасы
2024 ж. 4 наурыз
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ҚМҚК
Медиа жаңалықтар
1 из 5