01.03.2024 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде математикалық сауаттылық апталығы шеңберінде студенттер арасында информатика пәнінің оқытушысы А.М.Куркиннің ұйымдастыруымен «Минус және минус-плюс» викториналық ойыны өтті.
Мақсаты: күнделікті өмірде математикалық ұғымдар мен амалдарды түсіну және қолдана білу; шығармашылық ойлауды дамыту, стандартты емес есептердің шешімін іздеу.
Ойында студенттерге 3 кезең ұсынылды: көңілді сұрақтар мен жұмбақтар, сандарға негізделген шеңберлер, қызықты есептер шешу.
Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Соңында қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушылардың тәтті сыйлықтарымен марапатталды. Барлығы 18 студент қатысты.